BI CLUB» АРТЫҚШЫЛЫҚТАР КЛУБЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Қолданылу мақсаты

1.1. «BI CLUB» артықшылықтар клубының осы Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағындағы «GDFAMILY (ГДФАМИЛИ)» ЖШС-нің (бұдан әрі – Қоғам) «BI CLUB» артықшылықтар клубына қатысуының ресми талаптарын айқындайды және белгілейді.

2. Қолданылу саласы

2.1. Осы Ережелердің талаптары кез келген жеке тұлғаға – Артықшылықтар клубына қосылған Сатып алушыға қолданылады.

3. Артықшылықтар клубы туралы жалпы ақпарат

3.1. «BI CLUB» артықшылықтар клубы (бұдан әрі – Артықшылықтар клубы) – Артықшылықтар клубы Серіктестерінің қызметтері мен сервистерін сатып алатын немесе тұтынатын Артықшылықтар клубы Серіктестерінің Клиенттерін (бұдан әрі – Сатып алушылар) ынталандыру клубы

3.2. «BI CLUB» артықшылықтар клубы құмар ойыны, лотерея немесе ойын бизнесі саласындағы қызмет емес және Қатысушылардың қандай да бір тәуекеліне негізделмеген.

3.3. Артықшылықтар клубына барлық Сатып алушылар қосыла алады.

4. Терминдер мен анықтамалар

4.1. «BI CLUB» артықшылықтар клубын ұйымдастырушы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) – «GDFAMILY (ГДФАМИЛИ)» ЖШС, БСН 220940034448, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Шафик Чокин көшесі, 116-үй, 4-пәтер, пошталық индексі 050000.

4.2. Серіктестер – Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін және Сатып алушыларға қызметтерін ұсынатын немесе тауарларын сататын заңды тұлғалар. Серіктестердің қазіргі толық тізімі, сондай-ақ Серіктестер ұсынатын артықшылықтардың тізімі loyalty.bi.group сайтында орналастырылған.

4.3. Мобильді қолданба – Қатысушылардың жүктеп алып, орнатуы үшін Интернеттегі Google Play Store, App Store сервистерінде орналастырылатын, Қатысушылардың тапсырыстарды рәсімдеуі үшін Артықшылықтар клубы Серіктестерінің тауарлары, сондай-ақ осы тапсырыстардың ақысын төлеу және оларды Сатып алушыларға жеткізу талаптары ұсынылатын «BigApp» атты арнайы әзірленген қолданба.

4.4. Байланыс орталығы – Ұйымдастырушы мүддесі үшін ұйымда Клиенттерден түсетін кіріс қоңыраулар мен шығыс қоңырауларды, жолданымдарды өңдеумен, дауыстық және дауыстық емес байланыс арналары арқылы хабардар етумен айналысатын бөлімше.

4.5. Сатып алушы – Серіктестер желісінде сауда жасайтын жеке тұлға.

4.6. «BI CLUB» артықшылықтар клубына қатысушы (бұдан әрі – Қатысушы) – Клубқа тіркелу кезінде он сегіз жасқа толған, «BI CLUB» артықшылықтар клубының Сәйкестендіргішін пайдалана отырып, Артықшылықтар клубында тіркелу рәсімінен өткен Сатып алушы, Қазақстан Республикасының резиденті. Осы Ережелер аталмыш тұлғаға қатысты қолданылады.

4.7. «BI CLUB» артықшылықтар клубының сәйкестендіргіші (бұдан әрі – Сәйкестендіргіш) – Қатысушының Артықшылықтар клубында, соның ішінде loyalty.bi.group сайтындағы жеке кабинетте және/немесе Мобильді қолданбадағы жеке кабинетте тіркелуі, верификациядан және сәйкестендіруден өтуі үшін қолданылатын Қатысушының бірегей мобильді телефон нөмірі. Сәйкестендіргіш Артықшылықтар клубында SMS хабарлама арқылы верификациялау процесінен өткен кезде міндетті түрде қажет болады. Сәйкестендіргіш Бонустарды жинау және пайдалану рәсімін қамтамасыз етеді.

4.8. «BI CLUB» артықшылықтар клубында верификациядан өту – Қатысушының Артықшылықтар клубындағы сәйкестендіргішіне сайттағы және/немесе мобильді қолданбадағы нысанға енгізу қажет болатын уақытша кодты жіберетін SMS хабарлама арқылы Қатысушы деректерінің шынайылығын растау рәсімі.

4.9. Бонус картасы (бұдан әрі – БК) – loyalty.bi.group сайтындағы және Мобильді қолданбадағы Қатысушының жеке кабинетінде штрих-код немесе QR-код түрінде берілетін бірегей нөмір, ол Артықшылықтар клубына Қатысушының қосымша сәйкестендіргіші ретінде тіркеледі. Бонус картасы Қатысушы Ұйымдастырушының есепке алу жүйесінде тіркелгеннен кейін автоматты түрде жасалады. Бонус картасын Серіктестердің кейбір Маркетингтік акцияларында Қатысушыны сәйкестендіру үшін пайдалануға болады.

4.10. Бонус немесе BIcoin (бұдан әрі – Бонус) – Қатысушының Ұйымдастырушыдан және/немесе Серіктестерден ынталандыру алу құқығын есепке алу тәсілі ретінде қолданылатын есеп бірлігі, ол Қатысушының Бонустық шотында сақталады, осы Ережелердің талаптарына сәйкес Ұйымдастырушы белгілеген бонустарды есептеу және пайдалану схемалары бойынша есептеледі және есептен шығарылады.

4.11. Бонустық шот – Бонустардың түсуін және есептен шығарылуын есепке алуға арналған есептік жазба сәйкестендіргіші.

4.12. Ынталандыру – Қатысушыға берілетін жеңілдіктер, маркетингтік акцияға қатысу және артықшылықты қызмет көрсетуге қол жеткізу құқығы түріндегі, бірақ олармен шектелмейтін артықшылық.

5. Артықшылықтар клубына қатысу талаптары

5.1. Артықшылықтар клубына қатысу үшін SMS-хабарлама арқылы Қатысушының бірегей мобильді телефон нөмірі бойынша тіркеу және верификациялау рәсімінен өту қажет.

5.2. Артықшылықтар клубына Қатысушы болғанда, Қатысушы мына мүмкіндіктерге ие болады:

5.2.1. сатып алу чектерінің фотосуреттерін жүктеп салу және Ұйымдастырушы мен Серіктестердің маркетингтік акцияларына қатысу арқылы Бонустар жинау;

5.2.2. Мобильді қолданбада Бонустарды жүлделер каталогындағы жүлделерге немесе Ұйымдастырушы мен Серіктестердің маркетингтік акцияларына қатысу құқығына айырбастау;

5.2.3. Серіктестерден қосымша мәртебелік артықшылықтар алу;

5.2.4. тауарлар мен қызметтерге жеңілдіктер бойынша арнайы ұсыныстар алу;

5.3. Бонус жинаудағы шектеулер:

5.3.1. 5.2.1-тармақта сипатталған әдіс бойынша Бонустарды есептеу үшін Қатысушылардың Қазақстан Республикасы аумағында чек фотосуретін жүктегеннен ең көбі күнтізбелік 14 күн бұрынғы сатып алу чектері жарамды болады;

5.3.2. Қатысушыға оның бір тәулік ішінде сауда жасаған чектерінің ең көбі бес фотосуретін жүктегені үшін 5.2.1-тармақта сипатталған әдіс бойынша Бонустар есептеледі.

6. Артықшылықтар клубында тіркелу

6.1. Артықшылықтар клубында төменде келтірілген екі тәсілдің бірімен тіркелуге болады:

6.1.1. loyalty.bi.group сайтында тіркеу нысанын толтыру;

6.1.2. «BigApp» мобильді қолданбасында тіркеу нысанын толтыру

6.2. Тіркеу нысанын/Қатысушы сауалнамасын толтыру Артықшылықтар клубына қатысудың міндетті талабы болып табылады. Тіркеу нысаны/сауалнама толтырылмаса, Бонустар Бонустық шотта жиналады, бірақ оларды пайдалану мүмкін болмайды.

Сауалнаманың/нысанның тіркеу кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс өрістері:

  • Мобильді телефон нөмірі;
  • Тегі;
  • Аты.

6.3. Қатысушы Ұйымдастырушы дерекқорына енгізу үшін сауалнамалық деректерін бермеген және/немесе тіркеу нысанында/сауалнамада барлық міндетті өрістерді толтырмаған жағдайда, Қатысушының Бонус картасы тіркелмеген болып саналады.

6.4. Қатысушы Ұйымдастырушы дерекқорына енгізу үшін сауалнамалық деректерін берген және тіркеу нысанында/сауалнамада барлық міндетті өрістерді толтырған жағдайда, Қатысушының Бонус картасы тіркелген болып саналады.

6.5. Қатысушы сайттағы/мобильді қолданбадағы Құпиялық саясатының талаптарымен келісу және/немесе сауалнамада жеке қолтаңбасын қою арқылы тіркелу кезінде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растайды.

6.6. Артықшылықтар клубына Қатысушы сайттағы/мобильді қолданбадағы Құпиялық саясатының талаптарымен келісу және/немесе сауалнамада жеке қолтаңбасын қою арқылы тіркелу кезінде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растайды.

6.7. Тіркеу нысанын/Қатысушы сауалнамасын толтырғаннан кейінгі соңғы әрекет және міндетті талап – Артықшылықтар клубына Қатысушыны SMS хабарлама арқылы верификациядан өткізу

6.8. Тіркелген сәттен бастап Артықшылықтар клубына Қатысушы өз дербес деректеріндегі өзгерістерді (мобильді телефон нөмірі және аты-жөні) өзі бақылайды. Қатысушы Мобильді қолданбада дербес деректерін өзгерте алады.

6.9. Өзі туралы жалған (дұрыс емес) мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ ескірген мәліметтерді уақтылы өзгертпеген жағдайда, Қатысушы дұрыс емес мәліметтерді беруіне байланысты кез келген жағымсыз салдар тәуекелін өзі көтереді.

6.10. Қатысушы Артықшылықтар клубына тіркелгеннен кейін Бонус картасы автоматты түрде жасалады және Қатысушының жеке пайдалануына ғана арналады. Бонус картасының барлық артықшылықтарын Артықшылықтар клубына Қатысушы нысанында/сауалнамасында көрсетілген адам ғана пайдалануға құқылы болады. Бонус картасын үшінші тұлғаның пайдалануына рұқсат етілмейді және тыйым салынады.

6.11. Ұйымдастырушы мына жағдайларда ескертпестен, кез келген Қатысушының Артықшылықтар клубына қатысуын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға және Бонустық шотын бұғаттап, бонустарын жоюға құқылы:

6.11.1. Қатысушы осы Ережелерді, сондай-ақ Ұйымдастырушының басқа да акцияларының талаптарын орындамаған жағдайда

6.11.2. Бонус картасы арқылы күмәнды операциялар, алдау немесе басқа да айла-шарғылар, соның ішінде, бірақ олармен шектелместен, бонус картасын/жеңілдік купонын басқа адамның пайдалануы, кредитке сатып алуды үшінші тұлғаға рәсімдеу, өзге сатып алушының есебінен басқалай пайда көру жүзеге асырылып, бұл Артықшылықтар клубына Қатысумен байланысты материалдық шығынға, моральдық және басқа да жағымсыз салдарға алып келді немесе алып келуі мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіз болған жағдайда. Күмәнды операцияларға күдік туғызатын негіздер Ұйымдастырушының мүдделерін қорғау мақсатында жария етілмейді.

6.11.3. Қатысушы Артықшылықтар клубы аясында Қатысушыға берілген қандай да бір құқықтарды және/немесе артықшылықтарды теріс пайдаланған жағдайда.

6.11.4. Қатысушы тіркеу нысанын/сауалнаманы толтырмаған немесе міндетті өрістерді дұрыс толтырмаған немесе Құпиялылық саясатының талаптарымен келіспеген немесе сауалнамаға қол қоймаған және бұл оның тиісінше сәйкестендірілуіне мүмкіндік бермейтін жағдайда.

6.11.6. Фактілер Қатысушының сатып алулары кәсіпкерлік мақсатта, яғни оларды кейіннен сату/қайта сату мақсатында жасалғанын айғақтайтын немесе көтерме сатып алу болып танылған жағдайда.

6.11.7. Қатысушы соңғы сатып алу күнінен бастап бір жыл ішінде Бонустарды жинау және/немесе пайдалану үшін Бонус картасын пайдаланбаған жағдайда.

6.12. Қатысу осы Ережелердің 6.11.1-6.11.7-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, Қатысушының Артықшылықтар клубының қатысу ережелерін орындамауына байланысты Бонустар жойылады.

6.13. Қатысушы bi_loyalty@bi.group электронды адресіне қатысуды тоқтататыны туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы кез келген уақытта Артықшылықтар клубына қатысуын тоқтатуға немесе Бонус картасының күшін жоюға құқылы. Бұл хабарламаны/өтінішті алғаннан кейін осы Қатысушы жинаған Бонустар жойылады.

6.14. Бонус картасы Артықшылықтар клубының әрекет ету кезеңінде немесе осы Ережелерге сәйкес Артықшылықтар клубына қатысу тоқтатылған кез келген басқа күнге дейін жарамды болады.

6.15. Артықшылықтар клубының әрекет ету мерзімі шектеусіз, бұл ретте Ұйымдастырушының шешімі бойынша Артықшылықтар клубының әрекеті тоқтатылуынан кем дегенде 1 ай бұрын сайтта ақпарат орналастыру арқылы немесе басқа тәсілмен Қатысушыларды алдын ала хабардар ете отырып, Артықшылықтар клубының әрекеті мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

6.16. Артықшылықтар клубына тіркелу арқылы Қатысушы осы Ережелерді толық қабылдағанын растайды және оларды орындауға міндеттенеді.

6.17. Артықшылықтар клубында Бонустарды есептеуге немесе айырбастауға алып келетін әрекеттерді орындау арқылы Қатысушы осы Ережелерді толық қабылдағанын растайды және оларды орындауға міндеттенеді.

6.18. Сауалнама/Қатысушы нысаны толтырылмаған, толық толтырылмаған немесе қол қойылмаған болса, Ұйымдастырушы сауалнаманы қарастырмау/Қатысушы нысанын қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

7. Дербес деректерді өңдеу және ақпараттық хабарламаларды алу

7.1. Артықшылықтар клубына Қатысушы болу арқылы Сатып алушы:

7.1.1. Артықшылықтар клубының осы Ережелерімен келіседі;

7.1.2. loyalty.bi.group адресі бойынша Интернет желісінде және/немесе Мобильді қолданбадағы «Құпиялық саясаты» бөлімінде сипатталған Дербес деректердің құпиялық саясатының талаптарымен келіседі;

7.1.3. өз тауарлары мен қызметтерін (өнімдерін) ұсыну, соның ішінде, бірақ олармен шектелместен: Артықшылықтар клубына Қатысушыны сәйкестендіру, Артықшылықтар клубына Қатысушыны верификациялау, Бонустарды жинау мен пайдалануды есепке алу рәсімін қамтамасыз ету, жеткізуді жүзеге асыру, сервистік қызметтерді көрсету, жарнамалық хабарламаларды (кез келген байланыс арналары, соның ішінде SMS хабарламалар, E-mail, телефон, басқа да байланыс құралдары арқылы жүргізіліп жатқан акциялар мен арнайы ұсыныстар туралы хабарламаларды) тарату, Серіктестердің жұмысы және мобильді қолданба туралы пікірлерді жинау мақсатында өз еркімен және өз мүддесі үшін Ұйымдастырушыға мобильді телефон нөмірін, аты-жөнін қоса алғандағы, бірақ олармен шектелмейтін дербес деректерін өңдеуге, соның ішінде жинауға, жүйелеуге, жинақтауға, сақтауға (нақтылауға, жаңартуға, өзгертуге), пайдалануға, үшінші тұлғаларға беруге, иесіздендіруге, бұғаттауға, жоюға келісімін береді.

7.2. Қатысушы дербес деректерінің дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін тәсілдермен, соның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбастан өңделуіне келіседі.

7.3. Қатысушы келісімді Артықшылықтар клубына қатысудың бүкіл кезеңіне немесе Артықшылықтар клубының әрекет ету кезеңіне береді.

7.4. Бұл келісімді bi_loyalty@bi.group электронды адресіне «Дербес деректерді кері қайтарып алу» тақырыбымен тиісті жазбаша өтініш жіберу арқылы кез келген уақытта қайтарып алуға болады. Бұл ретте Қатысушы осы келісімді қайтарып алу Артықшылықтар клубына қатысуды автоматты түрде тоқтататыны, Бонус картасы мен Бонустық шоттың бұғатталатыны және олар бұғатталғаннан кейін Бонус картасын пайдалану мүмкін болмайтыны, соның ішінде картадағы барлық бонустардың жойылатыны туралы хабардар етіледі және оған келіседі.

8. Бонустарды жинау, пайдалану және Артықшылықтар алу

8.1. Бонустарды жинау. Қатысушы өз қарап шешуі бойынша төменде сипатталған кез келген тәсілмен Бонустар жинай алады:

  • Мобильді қолданбаға және/немесе loyalty.bi.group сайтына чектерді жүктеп салу;
  • Серіктестердің маркетингтік акцияларына қатысу. Қатысушы қатыса алатын маркетингтік акциялар туралы ақпарат Қатысушының Мобильді қолданбадағы жеке парағында және/немесе loyalty.bi.group сайтында орналастырылған.

Есептелетін Бонустар саны Қатысушының Мобильді қолданбадағы жеке парағында және/немесе loyalty.bi.group сайтында орналастырылған.

8.2. Бонустарды пайдалану. Қатысушы жиналған Бонустарын Мобильді қолданбадағы Артықшылыққа айырбастай алады. Айырбастағаннан кейін Қатысушының Бонустық шотынан Мобильді қолданбадағы Артықшылықтың сипаттамасында көрсетілген Бонустар сомасы есептен шығарылады. Артықшылыққа айырбастағаннан кейін, соның ішінде Қатысушы кез келген себеппен Артықшылықты пайдаланбаған жағдайда Бонустар қайтарылмайды

8.3. Артықшылықтарды пайдалану. Артықшылықты пайдалану әрекеттерінің тәртібі туралы ақпарат Мобильді қолданбадағы және/немесе loyalty.bi.group сайтындағы Артықшылық сипаттамасында көрсетілген.

9. Маркетингтік және/немесе жарнамалық акция кезінде Бонустардың есептелуі

9.1. Маркетингтік және/немесе жарнамалық акциялар аясында Бонустар осы Ережелердің 8-бөлімінде қарастырылғаннан басқа көлемде есептеледі. Бонустардың саны мен жарамдылық мерзімі нақты Маркетингтік және/немесе жарнамалық акцияның талаптарымен айқындалады.

9.2. Артықшылықтар клубы аясында өткізілетін Маркетингтік және/немесе жарнамалық акцияға барлық Қатысушылар да, нақты Маркетингтік және/немесе жарнамалық акция талаптарымен белгіленген олардың жеке санаттары (мақсатты тұтынушы сегменттері) да қатыса алады

9.3. Ұйымдастырушы мыналарды өз бетінше анықтайды:

9.3.1. Маркетингтік және/немесе жарнамалық акцияның өту мерзімі мен талаптарын;

9.3.2. Маркетингтік және/немесе жарнамалық акция солар үшін өткізілетін Қатысушылардың санаттарын.

9.4. Нақты Маркетингтік және/немесе жарнамалық акцияның егжей-тегжейлі талаптарын loyalty.bi.group сайтында және/немесе Мобильді қолданбада нақтылауға болады

9.5. Бонустардың есептелуі және айырбасталуы нақты Маркетингтік және/немесе жарнамалық акцияның талаптарымен айқындалады.

10. Бонустардың күю тәртібі

10.1. Бонустардың жарамдылық мерзімі 180 (бір жүз сексен) күнмен шектеледі және Бонустардың есептелуіне немесе айырбасталуына алып келген Қатысушының соңғы әрекет жасау сәтінен басталады.

10.2. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін Бонустар күйіп кетеді және Бонус картасының есебінен шығарылады. Картадан жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты есептен шығарылған бонустар қалпына келтірілмейді.

10.3. Қатысушы Бонустардың есептелуін өзі қадағалай алады. Есептелген Бонустар саны туралы ақпаратты мына жолдармен алуға болады:

10.3.1. loyalty.bi.group сайтындағы жеке кабинетте тексеру;

10.3.2. Мобильді қолданбадағы жеке кабинетте тексеру;

10.4. Бонустарды қолма-қол ақшаға айырбастауға болмайды.

10.5. Артықшылықтар клубына Қатысушы мына әрекеттердің кез келгенін жасауға құқылы болмайды

10.5.1. Бонустарды немесе оларды алу құқығын басқа Қатысушыларға немесе басқа үшінші тұлғаларға сыйлауға, сатуға немесе басқа жолмен иеліктен шығаруға;

10.5.2. Бонустарды немесе оларды алу құқығын кепілге қоюға немесе оларға және/немесе оларды алу құқығына басқа жолдармен ауыртпалықтар салуға.

11. Техникалық шектеулер

11.1. Ұйымдастырушы техникалық себептерге (байланыс арналарының, серверлердің істен шығуына немесе жұмысында іркіліс болуына, электр қуатының берілуінде үзілістер болуына, сондай-ақ жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың жұмысында техникалық және/немесе технологиялық іркіліс болатын басқа да жағдайларға) байланысты Бонус картасы бойынша операциялардың орындалуын уақытша тоқтатуға құқылы.

12. Артықшылықтар клубына қатысу талаптарындағы өзгерістер

12.1. Ұйымдастырушы мына құқықтарды өзіне қалдырады:

12.1.1. Артықшылықтар клубының талаптарын өзгерту. Ережелер Қатысушыға алдын ала ескертпестен өзгертілуі мүмкін;

12.1.2. қате есептелген Бонустарды біржақты тәртіпте есептен шығару.

12.2. Қатысушы Артықшылықтар клубының осы Ережелерінің талаптарын бұзған жағдайда, Ұйымдастырушы Бонус картасын бұғаттау құқығын өзіне қалдырады.

ПРАВИЛА КЛУБА ПРИВИЛЕГИЙ «BI CLUB»

1.Назначение

1.1. Настоящие Правила Клуба Привилегий «BI CLUB» (далее – Правила) определяют и устанавливают официальные условия участия физических лиц в Клубе Привилегий « BI CLUB » TOO «GDFAMILY (ГДФАМИЛИ)» (далее – Общество) на территории Республики Казахстан.

2. Сфера действия

2.1. Требования настоящих Правил распространяются на любое физическое лицо – Покупателя, вступившего в Клуб Привилегий.

3. Общая информация о Клубе Привилегий

3.1. Клуб Привилегий «BI CLUB» (далее – Клуб Привилегий) – клуб поощрения Клиентов Партнеров Клуба Привилегий, совершающих покупки или потребляющих услуги и сервисы Партнеров Клуба Привилегий (далее – Покупатели).

3.2. Клуб Привилегий «BI CLUB» не является азартной игрой, лотереей или услугой в сфере игорного бизнеса и не основан на каком-либо риске Участников.

3.3. Вступить в Клуб Привилегий могут все Покупатели.

4. Термины и определения

4.1. Организатор Клуба Привилегий «BI CLUB» (далее - Организатор) – ТОО «GDFAMILY (ГДФАМИЛИ)», БИН 220940034448, юридический адрес: Республика Казахстан, г. Алматы, Алмалинский район, улица Шафик Чокина, дом 116, кв. 4, почтовый индекс 050000.

4.2. Партнеры – юридические лица, действующие на территории Республики Казахстан и оказывающие услуги или продающие товары Покупателям. Полный актуальный список Партнеров, а также предоставляемых Партнерами привилегий размещен на сайте loyalty.bi.group.

4.3. Мобильное приложение – специальное разработанное приложение, размещенное в Интернете на сервисах Google Play Store, App Store для скачивания и установки Участниками, имеющее название «BigApp», в котором представлены товары Партнеров Клуба Привилегий для оформления Участниками заказов, а также условия оплаты и доставки этих заказов Покупателям.

4.4. Контакт-центр – подразделение в организации, занимающиеся обработкой входящих и исходящих вызовов Клиентов, обработкой обращений и информированием по голосовым и не голосовым каналам связи в интересах Организатора.

4.5. Покупатель физическое лицо, совершающее покупки в сети Партнеров.

4.6. Участник Клуба Привилегий «BI CLUB» (далее - Участник) - Покупатель, резидент Республики Казахстан, достигший восемнадцатилетнего возраста на момент регистрации в Клубе, прошедший процедуру регистрации в Клубе Привилегий с использованием Идентификатора Клуба Привилегий «BI CLUB». На указанное лицо распространяется действие настоящих Правил.

4.7. Идентификатор Клуба Привилегий «BI CLUB» (далее – Идентификатор) – уникальный номер мобильного телефона Участника, служащий для регистрации, верификации и идентификации Участника в Клубе Привилегий, в том числе в личном кабинете на сайте loyalty.bi.group и/или в личном кабинете Мобильного приложения. Идентификатор обязателен при прохождении процесса верификации в Клубе Привилегий посредством SMS-сообщения. Идентификатор обеспечивает процедуру накопления и использования Бонусов.

4.8. Верификация в Клубе Привилегий «BI CLUB» - процедура подтверждения подлинности данных Участника посредством SMS-сообщения, предполагающая отправку временного кода на идентификатор Клуба Привилегий Участника, который необходимо будет ввести в форму на сайте, и/или в мобильном приложении.

4.9. Бонусная карта (далее - БК) – уникальный номер в виде штрих-кода или QR-кода в личном кабинете Участника на сайте loyalty.bi.group и в Мобильном приложении, который зарегистрирован в качестве дополнительного идентификатора за Участником Клуба Привилегий. Бонусная карта создается автоматически после регистрации Участника в учетной системе Организатора. Бонусная карта может быть использована для идентификации Участника в некоторых Маркетинговых акциях Партнеров.

4.10. Бонус или BIcoin (далее – Бонус) - учетная единица, которая служит способом учета права Участника на поощрение от Организатора и/или Партнеров, хранится на Бонусном счете Участника, начисляется и списывается на условиях настоящих Правил, согласно схем начисления и использования бонусов, установленных Организатором.

4.11. Бонусный счет - идентификатор учетной записи, предназначенный для учета поступления и списания Бонусов.

4.12. Поощрение – привилегия Участника в виде, включая, но не ограничиваясь, скидки, права на участие в маркетинговой акции, привилегированного обслуживания.

5. Условия участия в Клубе Привилегий

5.1. Для участия в Клубе Привилегий необходимо пройти процедуру регистрации и верификации по уникальному номеру мобильного телефона Участника посредством SMS-сообщения.

5.2. Став Участником Клуба Привилегий, Участник имеет следующие возможности

5.2.1. накапливать Бонусы за совершаемые покупки, путем загрузки фото чека и за участие в маркетинговых акциях Организатора и Партнеров;

5.2.2. обменивать Бонусы в Мобильном приложении на призы из каталога призов или на право участия в маркетинговых акциях Организатора и Партнеров;

5.2.3. получать дополнительные статусные привилегии от Партнеров;

5.2.4. получать специальные предложения о скидках на товары и услуги

5.3. Ограничения по накоплению Бонусов:

5.3.1. для начисления Бонусов по механике, описанной в п.5.2.1, подходят чеки за покупки совершенные Участников на территории Республики Казахстан не раньше чем в течение 14 календарных дней до момента загрузки фотографии чека;

5.3.2. Участнику начисляются Бонусы по механике, описанной в п.5.2.1, за загрузку не более пяти фото чеков совещенных Участником покупок в течение суток.

6. Регистрация в Клубе Привилегий

6.1. Регистрация в Клубе Привилегий возможна одним из двух приведенных ниже способов:

6.1.1. заполнение регистрационной формы на сайте loyalty.bi.group;

6.1.2. заполнение регистрационной формы в Мобильном приложении «BigApp».

6.2. Заполнение регистрационной формы/анкеты Участника является обязательным условием участия в Клубе Привилегий. Если регистрационная форма/анкета не заполнена, Бонусы накапливаются на Бонусный счет, но не могут быть использованы.

При регистрации обязательными полями для заполнения анкеты/формы являются:

  • Номер мобильного телефона;
  • Фамилия;
  • Имя.

6.3. В случае, если Участник не предоставил свои анкетные данные для внесения в базу Организатора и/или не заполнил все обязательные поля в регистрационной форме/анкете, Бонусная карта Участника будет считаться незарегистрированной.

6.4. В случае, если Участник предоставил свои анкетные данные для внесения в базу Организатора и заполнил все обязательные поля в регистрационной форме/анкете, Бонусная карта Участника будет считаться зарегистрированной.

6.5. Участник подтверждает достоверность указанных сведений при регистрации своим согласием с условиями Политики конфиденциальности на сайте/в мобильном приложении и/или своей личной подписью в анкете

6.6. Участник Клуба Привилегий подтверждает достоверность указанных сведений при регистрации своим согласием с условиями Политики конфиденциальности на сайте/в мобильном приложении и/или своей личной подписью в анкете.

6.7. После заполнения регистрационной формы/анкеты Участника завершающим действием и обязательным условием является верификация Участника Клуба Привилегий посредством SMS-сообщения.

6.8. С момента регистрации Участник Клуба Привилегий самостоятельно контролирует изменение своих персональных данных (номер мобильного телефона и ФИО). Участник может изменить свои персональные данные в Мобильном приложении.

6.9. В случае указания ложных (недостоверных) сведений о себе, а также при несвоевременном изменении устаревших сведений Участник самостоятельно несет риск любых негативных последствий, связанных с предоставлением неверных сведений.

6.10. После регистрации Участника в Клубе Привилегий Бонусная карта создается автоматически и только для личного использования Участником. Всеми преимуществами Бонусной карты имеет право пользоваться только лицо, указанное в форме/анкете Участника Клуба Привилегий. Запрещено и недопустимо использование Бонусной карты третьим лицом.

6.11. Организатор вправе приостановить либо прекратить участие в Клубе Привилегий любого Участника и заблокировать Бонусный счет и аннулировать бонусы без уведомления в случаях:

6.11.1. Если Участник не соблюдает настоящие Правила, а также условия иных акций Организатора.

6.11.2. Имеются достаточные основания полагать, что посредством Бонусной карты осуществляются сомнительные операции, обман или прочие манипуляции, включая, но не ограничиваясь использование бонусной карты/ купона на скидку другого лица, оформление кредитной покупки на третье лицо, иное получение выгоды за счет другого покупателя, которые повлекли или могут повлечь за собой материальный ущерб, моральные и прочие негативные последствия, связанные с Участием в Клубе Привилегий. Основания по подозрению в сомнительных операциях не подлежат огласке ввиду защиты интересов Организатора.

6.11.3. Если Участник злоупотребляет какими-либо правами и/или привилегиями, предоставляемыми Участнику в рамках Клуба Привилегий.

6.11.4. Если Участник не заполнил регистрационную форму/анкету, или некорректно заполнил обязательные поля, или не согласен с условиями Политики конфиденциальности, или не подписал анкету, и это не позволяет его идентифицировать надлежащим образом.

6.11.5. Если Участник предоставляет информацию (сведения), вводящую в заблуждение, или не соответствующую действительности в соответствии с требованиями действующего законодательства Республики Казахстан.

6.11.6. Если факты свидетельствуют о том, что покупки Участника совершаются в предпринимательских целях, то есть с целью их последующей реализации/перепродажи или признаются оптовыми покупками.

6.11.7. Участник не использует Бонусную карту для накопления и/или использования Бонусов в течение одного года от даты последней покупки.

6.12. В случае прекращения участия на основаниях, указанных в пунктах 6.11.1-6.11.7 настоящих Правил, Бонусы аннулируются ввиду невыполнения Участником правил участия Клуба Привилегий.

6.13. Участник вправе прекратить свое участие в Клубе Привилегий или аннулировать Бонусную карту в любое время путем направления письменного уведомления о прекращении участия на электронный адрес bi_loyalty@bi.group. После получения данного уведомления/обращения Бонусы, накопленные данным Участником, аннулируются.

6.14. Бонусная карта действительна в течение срока существования Клуба Привилегий или до любой другой даты прекращения участия в Клубе Привилегий согласно настоящим Правилам.

6.15. Срок действия Клуба Привилегий неограничен, при этом по решению Организатора действие Клуба Привилегий может быть досрочно прекращено с предварительным уведомлением Участников не менее, чем за 1 месяц до окончания действия Клуба Привилегий, путем размещения информации на сайте или иным способом.

6.16. Регистрируясь в Клубе Привилегий, Участник подтверждает полное принятие настоящих Правил и обязуется их выполнять.

6.17. Совершая действия, приводящие к начислению или обмену Бонусов в Клубе Привилегий, Участник подтверждает полное принятие настоящих Правил и обязуется их выполнять.

6.18. Организатор оставляет за собой право не рассматривать анкету/не принимать форму Участника, если она не заполнена, заполнена не полностью или не подписана

7. Обработка персональных данных и получение информационных сообщений

7.1. Покупатель, становясь Участником Клуба Привилегий:

7.1.1. соглашается с настоящими Правилами Клуба Привилегий;

7.1.2. соглашается с условиями Политики конфиденциальности персональных данных, описанных по адресу в сети Интернет loyalty.bi.group и/или в Мобильном приложении в разделе «Политика конфиденциальности»;

7.1.3. своей волей и в своем интересе дает согласие на обработку, в том числе на сбор, систематизацию, накопление, хранение (уточнение, обновление, изменение), использование, передачу третьим лицам, обезличивание, блокирование, уничтожение персональных данных, которые включают, но не ограничиваются следующими данными: номер мобильного телефона, ФИО, Организатору, с целью предоставления своих товаров и услуг (продуктов), включая, но не ограничиваясь: идентификацией Участника в Клубе Привилегий, верификацией Участника в Клубе Привилегий, обеспечения процедуры учета накопления и использования Бонусов, осуществление доставки, предоставление сервисных услуг, распространения рекламных сообщений (в том числе о проводимых акциях и специальных предложениях через любые каналы коммуникации, в том числе по SMS-сообщениям, E-mail, телефону, иным средствам связи), сбора мнения о работе Партнеров и мобильного приложения.

7.2. Участник соглашается, что его персональные данные будут обрабатываться способами, соответствующими целям обработки персональных данных, в том числе с использованием средств автоматизации или без использования таких средств.

7.3. Согласие дается Участником на весь срок участия в Клубе Привилегий или на срок действия Клуба Привилегий.

7.4. Настоящее согласие может быть отозвано в любой момент путем направления соответствующего письменного обращения по электронному адресу bi_loyalty@bi.group, с темой «Отзыв персональных данных». При этом Участник проинформирован и согласен с тем, что отзыв настоящего согласия будет автоматически прекращать участие в Клубе Привилегий, Бонусная карта и Бонусный счет будут заблокированы и их блокировка будет означать невозможность использования Бонусной карты, в том числе аннулирование всех бонусов, имеющихся на карте.

8. Накопление, использование Бонусов и получение Привилегий

8.1. Накопление Бонусов. Участник может накапливать Бонусы любым из описанных ниже способов по своему усмотрению:

  • Загружая чеки в Мобильном приложении или/и на сайте loyalty.bi.group;
  • Участвуя в маркетинговых акциях Партнеров. Информация по маркетинговым акциям доступных Участнику размещена на личной странице Участника в Мобильном приложении или/и на сайте loyalty.bi.group.

Количество начисляемых Бонусов размещена на личной странице Участника в Мобильном приложении или/и на сайте loyalty.bi.group.

8.2. Использование Бонусов. Участник может обменять накопленные Бонусы на Привилегию в Мобильном приложении. После совершения обмена, с Бонусного счета Участника списывается сумма Бонусов указанная в описании Привилегии в Мобильном приложении. Бонусы после обмена на Привилегию не подлежат возврату, в том числе в случае, если Участник по любой причине не воспользовался Привилегией.

8.3.Использование Привилегий. Информация по порядку действий для использования Привилегии указана в описании Привилегии в Мобильном приложении или/и на сайте loyalty.bi.group.

9. Начисление Бонусов при проведении Маркетинговой и/или рекламной акции

9.1. В рамках проведения Маркетинговых и/или рекламных акций Бонусы начисляются в ином объеме, нежели предусмотрено Разделом 8 настоящих Правил. Количество и срок действия Бонусов определяется условиями конкретной Маркетинговой и/или рекламной акций

9.2. В Маркетинговой и/или рекламной акции, проводимой в рамках Клуба Привилегий, могут участвовать как все Участники, так и их отдельные категории (целевые потребительские сегменты), определенные условиями конкретной Маркетинговой и/или рекламной акции.

9.3. Организатор, самостоятельно определяет:

9.3.1. сроки и условия проведения Маркетинговой и/или рекламной акции;

9.3.2. категории Участников, для которых проводится Маркетинговая и/или рекламная акция.

9.4. Подробные условия проведения конкретной Маркетинговой и/или рекламной акции возможно уточнить на сайте loyalty.bi.group и/или в Мобильном приложении

9.5. Начисление и обмен Бонусов определяется условиями конкретной Маркетинговой и/или рекламной акции.

10. Порядок сгорания Бонусов

10.1. Срок действия Бонусов ограничен 180 (сто восемьдесят) днями и начинается с момента последней активности Участника, приводящего к начислению или обмену Бонусов.

10.2. По истечению срока действия Бонусы сгорают и списываются с Бонусной карты. Бонусы, списанные с карты по сроку действия, восстановлению не подлежат.

10.3. Участник может самостоятельно отслеживать начисление Бонусов. Получить информацию о количестве начисленных Бонусов можно следующими способами:

10.3.1. проверить в личном кабинете на сайте loyalty.bi.group;

10.3.2. проверить в личном кабинете в Мобильном приложении.

10.4. Бонусы нельзя обменять на наличные деньги.

10.5. Участник Клуба Привилегий не вправе выполнять любое из следующих действий:

10.5.1. дарить, продавать, либо иным образом отчуждать Бонусы, либо права на их получение другим Участникам или иным третьим лицам;

10.5.2. передавать Бонусы, либо права на их получение в залог, либо иным образом накладывать обременения на них и/или на права на их получение.

11. Технические ограничения

11.1. По техническим причинам (отказ или сбой в работе каналов связи, серверов, перебои в электропитании, а также в иных случаях технического и/или технологического сбоя работы оборудования и программного обеспечения) Организатор имеет право временно приостановить выполнение операций по Бонусной карте.

12. Изменения условий участия в Клубе Привилегий

12.1. Организатор оставляет за собой право:

12.1.1. На изменение условий Клуба Привилегий. Правила могут быть изменены без предварительного уведомления Участника;

12.1.2. на списание в одностороннем порядке ошибочно начисленных Бонусов.

12.2. Организатор оставляет за собой право блокировать Бонусную карту в случае нарушения Участником условий настоящих Правил Клуба Привилегий.